Жаңалықтар

TWESCO басшысы Түркі кеңесі министрлері жиынына қатысты

265

Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) президенті Дархан Қыдырәлі Алматы қаласында өткен Түркі кеңесі ақпараттық-коммуникация технологияларға жауапты министрлер отырысына қатысты. Үшінші рет өткен бұл отырыстар түркітілдес елдердегі ақпараттық технологияларға байланысты мәселелер талқыланды.

Отырысқа Түркі кеңесінің бас хатшысы Бағдат Әміреев, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Түркия Республикасы Көлік және инфрақұрылым министрі Мехмет Жахит Турхан, Қырғыз Республикасының Ақпараттық технологиялар және байланыс комитетінің төрағасы Бақыт Шарщембиев, Әзербайжан Республикасы көлік, коммуникация және жоғары технологиялар министрінің орынбасары Эльмир Велизаде, Венгрияның Ақпараттық коммуникациялар, инновациялар және технологиялар министрлігі Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кароли Балаш Солимар қатысты. Жиында ақпараттық технологиялардың маңызы, бұл салада өзара серіктестікті нығайту мәселелері талқыланды.

Отырыс қарсаңында Түркі кеңесіне мүше елдер өкілдерінің қатысуымен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша жұмыс тобының төртінші отырысы өткен болатын. Онда Кеңеске мүше мемлекеттер киберқауіпсіздік, электрондық үкімет, спутниктік қызметтер және Транс-Еуразия супер ақпарат коридоры (TASIM- Trans-Eurasian Information Super Highway) жобасы және өзге де мәселелер бойынша ынтымақтастықты арттыру тәсілдері қарастырылды.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы