Жаңалықтар

TWESCO басшысы ТүркПА Бас хатшысымен кездесті

144

Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) президенті Дархан Қыдырәлі Түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясы (ТүркПА) Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповпен кездесті. Кездесуде тараптар түркі интеграциясын тереңдету бағытында құрылған қос ұйымның ынтымақтастықта жұмыс істеуі, түркітілдес мемлекеттердің арасындағы түрлі бастамаларды заңнамалық тұрғыда қолдау тәрізді бірқатар мәселелерді талқылады.

         Академия басшысы кездесуде биыл ТүркПА-ның құрылғанының 10 жылдығымен құттықтады. Сондай-ақ, келер жылы Түркі кеңесі құрылған Нахчыван саммитінің де мерейтойы екенін тілге тиек етті. TWESCO басшысы түркі интеграциясының белді ұйымдарының Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылғанын да атап өтті. Сонымен қатар, ТүркПА-ның да халықаралық сахнадағы беделі арта түскенін, Мажарстанның Ұлттық ассамблеясының ұйымға бақылаушы мәртебесін алғанына да тоқталды. Аталған мемлекет биыл Шолпан атада өткен Түркі кеңесінің VI саммитінде TWESCO-ға бақылаушы мәртебесін алған болатын.

Өз кезегінде Бас хатшы ТүркПА-ның түркі әлеміндегі диалог платформасы саналатынын айтты. Сонымен қатар, TWESCO-ның атқарып жатқан жұмыстарына жоғары баға берді. Академия ұйымдастырып жатқан іс-шаралар мен жүзеге асырып жатқан жобалардың түркі интеграциясы үшін айырықша мәні бар екендігін атап өтті. Атап айтқанда, Бас хатшы биыл 18-19 қарашада Түркістан қаласында ұйымдастыру жоспарлаған TWESCO-ның халықаралық ғылыми-тәжірибелік   конференциясының түркі халықтары үшін   символикалық мәні бар екендігін айтты. Әрі Түркістан облысының құрылуы түркі дүниесі үшін айырықша сипаты бар оқиға болғанын атап өтті.

Кездесуде тараптар Түркі кеңесінің VI саммитінде мемлекет басшылары алға қойған міндеттерді жүзеге асыру мәселесін де пысықтады. Атап айтқанда, Қазақстан Президенті ұсынған «Түркі дүниесінің киелі жерлері» мен «Тұғырлы тұлғалар» жобалары турасында пікір алмасты. TWESCO басшысы ұйымның «Түркі әлемінің мәдени мұрасын қорғау және пайдалану туралы конвенция» әзірлегенін, қазіргі таңда мұндай сипаттағы құжаттарға қажеттілік туындап отырғанын атап өтті. Түркі дүниесінің тарихи-мәдени ескерткіштерін, киелі жерлерін, сакральды аймақтарын қорғау, ұтымды пайдалану мәселесі өзекті болып тұр. Сондықтан, Түркі кеңесіне мүше мемлекеттерде бұл бағыттағы құқықтық-нормативтік құжаттардың қабылдануы маңызды саналады. Бұл тұрғыда парламентарилерге үміт артылатынын да атап өтті TWESCO басшысы.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Ахмет Биржан Ержиласун
Шығыстанушы 
Түркітанушы