Жаңалықтар

TWESCO басшысы Татарстан ғалымдарымен кездесті

749

Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) президенті Дархан Қыдырәлі Татарстан ғалымдарымен кездесті. Кездесуде тараптар ғылыми ұйымдар арасындағы серіктестікті нығайту, бірлескен ғылыми зерттеулер өткізу туралы пікір алмасты.


Кездесуде Татарстан ҰҒА Археология институтының директоры Айрат Ситдиков пен Қазан Федералды университеті жанындағы Шығыстану институтының директоры Рамил Хайрутдинов өздері басқаратын құрылымдардың Академиямен бірлесе жұмыс істеуге мүдделі екендігін айтты. Өз кезегінде TWESCO басшысы ұйымның ғылыми байланыстар орнатуға ашық екендігін атап өте келе, 2019 жылы өткізу жоспарланған бірқатар шаралар туралы айтты. Атап айтқанда, Академия басшысы Дүниежүзілік түркологтар конгресіне даярлық, Алтын Орданың 750 жылдығын атап өту, түркі тарихында маңызды орны бар өңірлерге экспедиция   ұйымдастыру турасындағы ойларымен бөлісті.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы