Жаңалықтар

TWESCO басшысы Қырғызстан министрімен кездесті

142

Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі Бішкек қаласында Қырғызстан Мәдениет, ақпарат және туризм министрі Азамат Жаманқұловпен кездесті.

Кездесуде тараптар биылғы қыркүйек айында Шолпан-атада өткен Түркі кеңесі мемлекет басшыларының VI саммитінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Түркі әлемінің киелі жерлері» және «Түркі әлемінің 100 тұлғасы» жобаларын жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, TWESCO мен Қырғызстан Мәдениет, ақпарат және туризм министрлігі арасында өзара ынтымақтастық қарым-қатынас орнату жайын пысықтады.

Академия президенті кездесу кезінде жоғары лауазымды қызметке бір апта бұрын ғана тағайындалған Азамат Жаманкуловтың еңбегіне табыс тіледі. Естеріңізге салар болсақ, Қырғызстанның жаңадан тағайындалған Мәдениет, ақпарат және туризм министрі биылғы ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жоғары деңгейде ұйымдастырылуына үлес қосқан болатын.

Кездесуден соң TWESCO басшысы Қырғызстанның «Кабар» агенттігіне   сұхбат берді.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Ахмет Биржан Ержиласун
Шығыстанушы 
Түркітанушы