Жаңалықтар

TWESCO басшысы жапон басылымына сұхбат берді

962

Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) президенті, «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі жапониялық The Asahi Shimbun басылымына сұхбаит берді,- деп хабарлады egemen.kz.


Сұхбат барысында Академия басшысы Қазақстанның   латын әліпбиіне көшуі жөніндегі сауалдарға жауап берді.

The Asahi Shimbun басылымы тілшісі Қазақстанның латын әліпбиіне көшуінің себебі, мән, маңызы төңірегінде, «Егемен Қазақстан» басылымына қатысты көкейінде жүрген бірқатар сұрақтарды қойды.

Сонымен қатар латынға көшу үдерісі қалай жүріп жатқанына да қызығушылық танытты. Айта кетерлігі, The Asahi Shimbun газетінің 2019 жылғы ақпандағы нөмірі Қазақстанға және Орталық Азия тақырыбына арналмақ. Соған сәйкес, басылымда еліміз туралы көлемді мақала шығару жоспарда бар екен. Дархан Қуандықұлы жапониялық журналиске жаңа әліпбиге көшудің артықшылықтарын түсіндіріп берді. Соңында естелік суретке түсіп, «Егемен Қазақстан» газеті атынан кітап тарту етілді.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы