Жаңалықтар

TWESCO делегациясы Түркі кеңесі VI саммитіне қатысады

197

TWESCO-ның арнайы делегациясы, ұйым басшысы Дархан Қыдырәлінің бастауымен Түркі кеңесі VI саммитіне қатысу мақсатында Қырғызстанға аттанды.

         Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VI саммиті қыркүйек айының 3 күні Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өтеді. Саммитте түркітілес мемлекеттер арасында жастар саясаты және ұлттық спорт салаларындағы ынтымақтастықтың жай-күйі талқыланады.

         Оған дейін, 2 қыркүйекте Түркі кеңесі сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы жоспарланған. Қырғызстан Сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаевтың төрағалық етуімен өтетін отырыста Түркі кеңесі аясындағы серіктестік, түркітілдес елдердің мәдени-гуманитарлық, сауда-экономикалық ынтымақтастық, түркі интеграциясын тереңдету мақсатында құрылған ұйымдарды дамыту мәселелері   сөз болады.

         TWESCO түркі интеграциясын тереңдетудегі ірі халықаралық институт ретінде Түркі кеңесінде қабылданған шешімдерді жүзеге асыруда шешуші рөл атқарады. Академия басшысы Түркі кеңесі аға лауазымды тұлғалар Комитетіне мүше. Аталған комитет биыл тамыз айында Түркі кеңесінің VI саммиті саммитіне дайындық мәселелерін пысықтау мақсатында екі рет жиналыс өткізген болатын. Алғашқы отырыс тамыздың 3-4 күндері, соңғысы 28-30 тамызда Бішкек қаласында өтті.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы