Жаңалықтар

TWESCO II «Ұлы дала» Гуманитарлық ғылымдар форумына шақырады

5309

Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) Сізді көрнекті ғалымдар мен танымал зерттеушілер, сондай-ақ халықаралық ұйым өкілдері қатысатын, 2017 жылғы 25-26 мамыр күндері Астанада өткізу жоспарланып отырған ІІ Гуманитарлық ғылымдар форумына қатысуға шақырады. 

Форум мақсаты: Адамзат өркениетінің дамуындағы Түркі әлемінің орны мен мәдени құндылықтарын талдап талқылау. Әлемде танымал мамандар арасында байланысты нығайту және пікір алмасу, жаһандық және аймақтық маңызға ие өзекті мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар жасау.

Форум жұмысының бағыттары:

·        Тарих, археология және этнография

·        Фольклор, әдебиет және өнер

·        Тіл және терминология

·        Әлеуметтану, саясаттану және экономика

Жұмыс тілдері: ағылшын, түрік, қазақ, орыс тілдері

Форумға қатысу сипаты:

- тікелей (жарияланым және баяндама жасау)

- сырттай (жарияланым)

Форумға қатысу үшін:·      

   2017 жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде ұйымдастыру комитетінің электрондық мекен-жайына қатысу сипаты көрсетілген тіркеу өтінімін жолдау қажет.

   2017 жылдың 15 сәуіріне дейінгі мерзімде ұйымдастыру комитетінің электрондық мекен-жайына баяндама тезистерін немесе жарияланым үшін мақала жіберу керек.

Қатысу үшін тіркеу өтінімінің нысаны мен материалдарды рәсімдеу талаптары төменде берілген.

Мақалалар жарияланымы

      Ұйымдастыру комитеті таңдап алған мақалалар форум болар алдында ғылыми жинақта жарияланады. Мақалалар автор редакциясында жарияланады. Ұйымдастыру комитеті тақырыпқа сай келмейтін немесе қойылған талаптар сақталмаған материалды техникалық редакциялау мен кері қайтару құқығын өзіне қалдырады.

    Форумға қатысуға байланысты барлық шығындар (жол, қонақ үй, тамақтану) қатысушылар есебінен. 

Ұйымдастырушы: Халықаралық Түркі академиясы.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Астана қ., Тәуелсіздік даңғ., 57, Бейбітшілік және келісім сарайы

Анықтама үшін телефондар: +7 (7172) 74-46-85; 57-49-82

E-mailforum@twesco.org


Форманы жүктеу.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук