Жаңалықтар

TWESCO мен IICAS екіжақты ынтымақтастық туралы меморандум бекітті

1115

Бүгін Самарқан қаласында Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) мен Халықаралық Ортаазиялық зерттеулер институты (IICAS) екіжақты ынтымақтастық туралы меморандум бекітті.

TWESCO басшысы Дархан Қыдырәлі мен IICAI директоры Парк Пильхо қол қойған құжат Орталық Азия мен Жібек жолы бойында орналасқан мемлекеттердің тарихи және мәдени мұрасын бірлесіп зерттеп, жан-жақты дамытуға бағытталған.

Тараптар меморандум шеңберінде өзара ынтымақтастық пен серіктестікті нығайтып, ортақ жобалар жүргізуге келісті.


Халықаралық Ортаазиялық зерттеулер институты (IICAS) ЮНЕСКО-ның Үлы Жібек жолына қатысты ауқымды жобасының нәтижесінде 2005 жылы Өзбекстанның Самарқан қаласында құрылған ұйым. Институттың негізгі мақсаты – Орталық Азияның тарихи-мәдени дамуындағы келелі мәселелерге әлемдік қауымдастық назарын аудару және аймақты жан-жақты зерттейтін жергілікті ғалымдар мен шетелдік әріптестердің қарым-қатынасын нығайту. Бүгінде IICAS-қа мүше-мемлекеттер қатарында Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Корея, Өзбекстан, Пәкістан, Тәжікстан мен Түркия бар. 


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук