Жаңалықтар

TWESCO өкілі халықаралық жиынға қатысты

691

UNESCO-ның Париж қаласындағы штаб-пәтерінде ресми атап өтілетін «Ислам ынтымақтастығы ұйымы күніне» орай   дөңгелек стол отырысы болды. «Мәдениетаралық диалог экстремизм мен шиенелістердің алдын алудағы құрал ретінде: ИЫҰ мүше мемлекеттерінің   мәдениетаралық диалогты ілгерлетудегі маңызды тәжірибесі» деген тақырыппен өткен жиынға TWESCO өкілі Тимур Козырев қатысып баяндама жасады.


         «Мәдениетаралық диалог зорлықшыл экстермизмге қарсы күрес құралы ретінде: Қазақстан тәжірибесі» деп аталатын баяндамасында Т.Козырев этникалық және діни толеранттылықтың қазақстандық моделі, оның негізгі ерекшеліктері жайлы айтып берді. Сонымен қатар, баяндамашы бұл моделді қалыптастыруда Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың рөлі, мультикультурализмнің қазақстандық моделінің тарихи тамыры мен   аталған мәселеге қатысты Түркі академиясының атқарып жатқан қызметіне де тоқталды.

Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) ISESCO ға бақылаушы мәртебесіне ие құрылым, сондай-ақ академия UNESCO-мен тығыз байланыста жұмыс істейді.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Владимир Михайлович Алпатов
Шығыстанушы, лингвист, филология ғылымдарының докторы