Жаңалықтар

TWESCO тұрақты хатшысы Жапония елшісінің қабылдау рәсіміне қатысты

378

Астанада Жапония елшілігінің ұйымдастыруымен өткен ресми қабылдау рәсіміне Халықаралық Түркі академиясының тұрақты хатшысы Асхат Кесікбаев қатысты. Шара Жапония императоры Акихитоның   туған күніне орай ұйымдастырылған.          
Қабылдау рәсімінде Жапонияның Қазақстандағы елшісі Итиро Кавабата желтоқсанның 23 күні ұлы мәртебелі император Акихитоның 85 жасқа толатынын, Қазақстан мен Жапония қарым-қатынастарының жыл санап тереңдеп келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, Елші өзінің Қазақстандағы қызметінің аяқталатыныны да айтты. «Келесі жылдың қаңтар айында дипломатиялық міндетімді аяқтап Жапонияға ораламын. 2 жыл 9 ай бойы атқарған қызметім кезінде Жапония мен Қазақстанның екіжақты қарым-қатынастардың маңызды оқиғаларына куә болдым. Соның бірі - «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі. Қазақстан халқына және дипломатиялық қоғамдастыққа маған көрсеткен қолдаулары мен достығы үшін шынайы алғысымды білдіремін», - деді ол.

            Жапонияның Қазақстандағы елшілігі мен елші Итиро Кавабата мырза қазақ-жапон қатынастарын ғана емес, Халықаралық Түркі академиясы мен Жапонияның ғылыми орталықтарының өзара байланыс орнатуына да айырықша үлес қосқан болатын. Елшінің қолдауымен TWESCO   Жапонияда бірқатар шаралар өткізіп, жапон ғалымдары Академияда арнайы лекциялар оқыған еді. Сонымен қатар, Халықаралық Түркі академиясы мен жапонияның «Тоё бунко» зерттеу орталығы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған  болатын.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы