Жаңалықтар

TWESCO мен Өзбекстан ғылым академиясы арасында ынтымақтастық орнады

260

Түркістан қаласында өткен «Киелі Түркістан және Түркі әлемінің рухани жаңғыруы» атты ғылыми-теориялық конференция барысында қалада TWESCO мен Өзбекстан ғылым академиясы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа Академия президенті Дархан Қыдырәлі мен Қазақстандағы Өзбекстан елшілігінің кеңесшісі Тимур Рахымов қол қойды.

Өзара меморандумның нәтижесінде Академияның Өзбекстандағы ғылыми орталықтармен байланысы нығая түспек. Академия басшысы facebook- тағы парақшасында аталған меморандум турасында: «Бұл әріптестік келісім арқылы іргелес Өзбекстанмен ғылыми байланыстарымыз, ортақ жобаларымыз артады»,-деп жазды. Осылайша Халықаралық Түркі академиясы түркітілдес мемлекеттердің барлығының ғылыми ұйымдарымен өзара әріптестік байланыстарды жолға қойды.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Владимир Михайлович Алпатов
Шығыстанушы, лингвист, филология ғылымдарының докторы