Жаңалықтар

TWESCO мен Жапония ғылыми орталығы ынтымақтастық орнатты

548

Халықаралық Түркі академиясында (TWESCO)   Токио университеті қоғамдық ғылымдар орталығының профессоры Хисао Комацудың лекциясы өтті. Сондай-ақ Халықаралық Түркі академиясы мен жапонияның «Тоё бунко» зерттеу орталығы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Аталған лекцияны TWESCO мен Жапон қоры бірлесе ұйымдастырды. Түрік тілінде   өткен лекцияға ғалымдар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, журналистер қатысты. Профессор Хисао Комацудың «Жаңа тарихи деректер негізінде Абдулрашид Ибрахимнің қызметі және Жапониямен қарым-қатынас» деп аталатын лекциясы ХХ ғасырдың басындағы татар қайраткерлері бірінің өміріне арналды. Хисао Комацу қайраткердің Жапонияға сапары, жапондық мұсылмандармен байланысын зерттеген. Аталған шара TWESCO -да жапон ғалымдарының қатысуымен өтіп жатқан ғылыми лекциялардың жалғасы болып саналады. Естеріңізге салар болсақ, қазан айының 3 күні Академияда жапон зерттеушілерінің қатысуымен лекция өткен болатын.

Ал, Түркі академиясы мен «Тоё бунко» зерттеу орталығы арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандумында түркология саласында бірлесе жұмыс істеу, ғылыми туындыларды алмасу, ғалымдардың өзара тәжірибе бөлісуі тәрізді бірқатар мәселелер қамтылды.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Владимир Михайлович Алпатов
Шығыстанушы, лингвист, филология ғылымдарының докторы