Жаңалықтар

TWESCO Астанада басталған ИЫҰ саммиті аясында каллиграфия көрмесін ұйымдастырды

283

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымы(TWESCO) мен Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығы (IRCICA)Астана қаласында басталған Ғылым және технологиялар бойынша Ислам ынтымақтастық ұйымының бірінші саммиті аясында халықаралық каллиграфия көрмесін ұйымдастырды.

10-11 қыркүйек күндері Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайындаөтетін «Жібек Жолы бойындағы ислам каллиграфиясы» атты көрмеге 1986 жылдан бастап 2016 жылға дейінгі аралықтаIRCICA-ның ұйымдастыруымен өткен халықаралық каллиграфия байқауларында жүлдеге ие болған жұмыстар қойылды.Көрме әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған сүлүс, насх, куфи, диуани және насталиқсекілді классикалық үлгілердегіеңбектердіқамтиды.

Айта кету керек, тұңғыш рет өткізілетін ИЫҰ-ның ғылым мен технология жөніндегі саммитін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы. Мемлекет басшысы бұл ұсынысты 2016 жылдың сәуір айында Ыстамбұлда өткен ИЫҰ XIII саммитінде айтқан болатын.

Заманауи сын-қатерлерге төтеп берудің пәрменді тетігі ретінде Ислам әлемінде ғылыми-технологиялық жаңғырту және білім беруді дамыту бойынша стратегия әзірлеуді мақсат еткен бұл алқалы жиынға ИЫҰ-ға мүше барлық мемлекеттердің, атап айтқанда 35 елдің мемлекет және үкімет басшылары, сонымен бірге бақылаушы мемлекеттер мен бірқатар халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдері шақырылған.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Владимир Михайлович Алпатов
Шығыстанушы, лингвист, филология ғылымдарының докторы