Жаңалықтар

Академия басшысы Елбасы мақаласын талқылау шарасына қатысты

330

Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) президенті Дархан Қыдырәлі Ақтөбе облысы әкімдігі ұйымдастырған «Ұлы даланың рухани мұрасы» атты дөңгелек үстел  отырысына қатысты.


Ақтөбе қаласында өткен жиынға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, тарихшы Берік Әбдіғалиүлы, саясаттанушы Айдос Сарым, «Қазақпарат» агенттігінің бас директоры Асқар Құмыран, блогер Ғалым Байтұқ және өзге де қоғам белсенділері қатысты. Жиында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласының маңызы мен онда айтылған бастамаларды жүзеге асыру турасында пікір алмасылды.

Дөңгелек үстелде қоғам қайраткерлері "Ұлы даланың жеті қыры" атты  Елбасы мақаласының  тарихымыз бен тұп-тұқиянымызды түгендеуге зор үлес қосатынын айтты.  Облыс әкімі  мақаланы  талқылауға арнағлан шараның  мәні осы тұрғыдан зор екеніне тоқталды.  Ал Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі мақалаға түркі халықтары ғана емес,  мажар, моңғол,  корей тәрізді өздерін Алтайдан өрбітетін халықтардың да  айырықша назар аударғанын атап өтті.  Мақала  бүгінге дейін 9 тілге  аударылғанын атап өтті.

«Мұнда түркі әлемінің бесігі мен генезисі және түркілердің адамзат дамуының тарихына қосқан үлесі нақты әрі тұжырымды айтылған. Осы арқылы біз Ұлы даладан бастау алған түркі­тілдес халықтардың ежел­гі мұралары – ортақ игілікке айналады деп санаймыз», деді бұдан әрі Д.Қыдырәлі.

Сонымен қатар, TWESCO басшысы Ақтөбеде жақында ғана ашылған Баспасөз үйінде болып, жергілікті журналистермен кездесті. «Ақтөбе Медиа» компаниясының қызметімен танысты.



Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Рашид Абдуллович Аганин
Түркітанушы-лингвист, филология ғылымдарының кандидаты.