Жаңалықтар

Түркі академиясы «Үздік серіктес» атанды

2978

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) қазақстандық «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты байқауының «Үздік серіктес» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

«Жастар – Отанға!» республикалық байқаудың үздіктерін марапаттау салтанаты Астана қаласында, «Нұр Отан» партиясының даму бағдарламасы негізінде ұйымдастырылды. Марапаттау рәсіміне жоғары лауазымды тұлғалар, республикалық және қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, қоғам белсенділері мен баспасөз өкілдері қатысты.

Академияға тағайындалған арнайы диплом ұйымның тұрақты хатшысы Асхат Кесікбаевқа табысталды.


Республикалық байқауға «Жас Отан» ЖҚ жұмысына, Қазақстандағы жастар саясатына белсене атсалысқан ұйымдар мен жастар қатысқан. Бұл жолы байқау 5 номинация бойынша бағаланды: «Үздік серіктес», «Оқу орнындағы үздік бөлімше», «JasOtan Press», «Үздік филиал» және «Жыл белсендісі».

Айта кету керек, TWESCO 2017 жылдың маусым айында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі және «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесіп, Түркі кеңесінің халықаралық лагерін ұйымдастырған болатын. Бір аптаға созылған жазғы лагерьде Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан мен Түркиядан келген 100-ден астам жас бас қосып, бірнеше семинар өткізілген еді.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы