Жаңалықтар

TWESCO «Жойылу қаупіндегі түркі тілдері» атты көптомдық еңбектің тұсауын кесті /ФОТО/

2342

Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) бүгін Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Жойылу қаупіндегі түркі тілдері» атты көптомдық еңбектің таныстырылымын өткізіп, қалың оқырманға ұсынды.

тұсаукесер.png

Салтанатты шараға көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйым басшылары, Қазақстандағы дипломатиялық корпус жетекшілері, дипломаттар, Қазақстан мен шет елдерден келген белгілі түркітанушы, әдебиетші ғалымдар, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысты.

1-(1).png

ЮНЕСКО-ның шешімімен «Халықаралық ана тілі күні» деп жарияланған 12-ші ақпан қарсаңында басылып шыққан бұл сүбелі еңбек Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қолдауымен жарық көріп отыр.

2.png

Түрлі-түсті фотосуреттермен көркем безендірілген көптомдық жайлы келелі жиынды жүргізіп отырған TWESCO басшысы толығырақ әңгімеледі. Бұл жинақ - ЮНЕСКО-ның арнайы бағдарламасы аясында Академияның жойылу қаупі төнген түркі тілдерін зерттеп, мәдени мұраны насихаттау, қорғау, өткеннен ащы сабақ алу, тағлым түю мақсатында жүргізген ауқымды ғылыми жобасының нәтижесі. 

3.png

2010 жылы ЮНЕСКО «Жойылып бара жатқан әлем тілдерінің атласын» жария етті. Ол атласқа 2500 тіл мен диалект енген. Сондай-ақ, ЮНЕСКО жойылу қаупіндегі «Тілдердің Қызыл кітабын» жүргізеді екен. Өкінішке қарай, ол кітапқа башқұрт тілі секілді кей түркі тілдері де еніп отыр.

4.png

Түркиялық профессор Суер Екердің ғылыми жетекшілігімен іске асқан жобаға әлемнің 26 елінен 130 ғалымның, барлығы 132 зерттеуі топтастырылған. Кітапқа енген мақалалар ағылшын, түрік, орыс, қазақ, өзбек және т.б түркі тілдерінде жазылған.

5.jpg

Кітап шығарушылардың айтуынша, жинаққа зерттеулері енген мамандар әлемнің түрлі елдерінде, әр түрлі университтер мен ғылыми ұжымдарда жұмыс істейді. Сол себептен де олардың қолы жеткен деректер мен зерттеу тәсілдері, ғылыми бағыттары, көзқарастары да әралуан. Сондықтан да төрт томдық жинақ бүгінгі замануи тілтанымдық зерттеулер кешенін құрап, алуан түрлі ой-тұжырымдардың басын қосып тұр деуге болады..

Салтанатты жиынға қатысқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңес төрағасы, профессор Мұса Йылдыз бен жоба жетекшісі Суер Екер кітаптың жазылу тарихын әңгімелеп, тағдырлы тілдерді зерттеу және қорғау жайлы пайымды пікірлерімен бөлісті. 

Musa-bey.png

Суер-Екер.png

Сонымен қатар, Өкілетті кеңес төрағасы Мұса Йылдыз TWESCO басшысы Дархан Қыдырәліге Қ.А.Ясауи жылына орай арнайы шығарылған күміс тиынды тарту етті.

монета.png

Келелі жиын барысында Академия басшысы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Өкілетті кеңес төрағасы Мұсы Йылдыз бен Башкент университетінің профессоры Суер Екерді «Түркі дүниесінің ықпалдастығы мен дамуына және түркітанулық зерттеулерге қолдау көрсеткені үшін» Құрмет грамоталарымен марапаттады.

грамота.png

грамота2.png

Сонымен қатар, TWESCO президенті салтанатты шара соңында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Үмітхан Мұңалбаеваға жаңа тұсауы кесілген құнды төрт томдықтарды тарту етті.

кітапхана.png

Айта кету керек, Академия саны аз түркі халықтарына ерекше мән беріп келеді. Сібірдегі шорлардың «Ак кан» эпосы мен Сібірдегі түркі халықтарының мифологиясына арналған кітап дайындалды. Еңбек алдағы күндері жарық көретін болады. Сонымен бірге Академия 2014 жылы Моңғолиядағы аз санды тыва, хотон түркілеріне жасаған экспедиция нәтижелерін арнайы ғылыми зерттеу етіп жариялауды да жоспарлап отыр.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук