Жаңалықтар

TWESCO Моңғолияда әдістемелік семинар өткізді

772

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) Моңғолия Ұлттық музейінде халықаралық құқық нормаларын Моңғолия музейлерінде нақты жүзеге асыру жолдарына арналған әдістемелік семинар өткізді.

Академияның ғылыми қызметкері Олжас Шариязданов жүргізген семинарға Моңғолия мәдениет министрлігінің қызметкерлері мен Моңғолия музейлерінің директорлары қатысты.


Моңғолия тарапының өтінішімен ұйымдастырылған семинарда елдің мәдени мұрасын қорғау мен пайдаланудың бүгінгі ахуалы, сонымен бірге халықаралық құқық нормаларын, оның ішінде ЮНЕСКО конвенциясын іске асыру жолдары туралы айтылды.

Айта кету керек, аталған шара TWESCO мен Моңғолия Ұлттық музейі арасында Ұлан-Батыр қаласында 2016 жылы бекітілген ынтымақтастық меморандумы шеңберінде өтті. 


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы