Жаңалықтар

TWESCO делегациясы Халықаралық академиялар одағының Бас ассамблеясына қатысуда

787

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі бастаған делегация Халықаралық академиялар одағының (UAI) Бас ассамблеясы отырысының ашылу салтанатына қатысты.

Екі жылда бір рет ұйымдастырылатын Ассамблея отырысы бұл жолы Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатыр.

Алқалы жиынның негізгі сесиясын Одақтың президенті Ойвинд Андерсен мырза құттықтау сөзімен ашты. Сонымен бірге, бұл отырыста ұйымның атқарған іс-шаралары жөнінде Хатшылықтар арнайы есеп дайындап, қатысушыларға ғылыми жобалардың нәтижелерін ұсынды. Одаққа мүшелікке өтуге үміткер-ұйымдар таныстырылып, дауыс беру рәсімі өтті.

Әлемнің белді ғылым ордаларының басшылары мен көрнекті ғалымдардың басын қосқан Ассамблея жұмысы үш күнге созылады. Негізгі сессиялардың бірі «Заманауи Шығыс Азиядағы дін, сауда және халықаралық байланыстар» тақырыбында өтеді. Бағдарламаға сәйкес, қатысушылар Жапонияның ғылыми-зерттеу ұйымдарымен танысып, түрлі академиялық лекциялар тыңдай алады. Сондай-ақ, Одақтың жаңа ғылыми жобалары тыныстырылмақ.


Айта кету керек, TWESCO ғылым саласы бойынша әлемдегі ең жоғарғы құрылым саналатын Халықаралық Академиялар одағына 2015 жылдың маусым айында Брюссельде өткен Бас ассамблея отырысында қабылданған болатын. Дүниежүзілік ғылыми қауымдастықтағы зерттеу ұйымдарының жұмысын үйлестіріп, ынтымақтастықтың артуына ықпал ететін UAI 1919 жылы құрылған, штаб-пәтері Брюссель қаласында. Бүгінде Халықаралық академиялар одағына 63 мемлекеттен 100-ден астам ғылыми мекеме мүше.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Владимир Михайлович Алпатов
Шығыстанушы, лингвист, филология ғылымдарының докторы