Жаңалықтар

TWESCO жұмысына француз зерттеушілері қызығушылық танытты

172

Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) басшысы Дархан ҚыдырәліI FEAC–Орталық Азияны зерттеу бойынша француз институтының директоры Катрин Пужольмен кездесті. Кездесуге Францияның Қазақстандағы елшілігінің өкілдері де қатысты.

         Қонақтарды қабылдаған Академия басшысы TWESCO-ның жалпы жұмыс бағыттарымен таныстырып, ұйымның атқарып жатқан қызметіне тоқталды. Сонымен қатар, Академия жұмысына Франция тарапының ерекше қызығушылық танытқанын, жақында ғана аталған мемлекеттің   елшісі Филипп Мартинэ мырзаның келгенін, кездесуде бірқатар жобалар талқыланып, оларды бірлесе жүзеге асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілгені туралы айтып берді. Атап айтқанда,Түркі академиясы мен Францияның Шығыс тілдері және өркениетінің ұлттық институты (INALCO) тәрізді ғылыми мекемелері арасында өзара байланыс орнату, ортақ жобаларды жүзеге асыру, кітаптар басып шығару, ынтымақтастықты тереңдете түсу мәселелері талқыланғанын айтты. Ал, IFEAC (Institut français d’études sur l’Asie centrale)-тің Академия жұмысына   қызығушылығы өзара байланыстарды   нығайта берерін атап өтті.

         Кездесуде IFEAC директоры өзі басқарып отырған институттың қызметі турасында айтып, TWESCO-мен бірлесе жұмыс істеуге ынталы екендіктерін жеткізді. Тараптар әңгіме барысында Жозеф Кастаньеге байланысты арнайы жоба жасауға уағдаласты. Сонымен қатар, INALCO және IFEAC тәрізді ұйымдармен ғылыми байланыстарды нығайту жайында келісілді.

         Кездесуде Академия басшысы соң франциялық қонақтарға естелік сыйлықтар табыс етті. Одан соң Катрин Пужоль ханым Түркі тарихы музейін тамашалап, Академия кітапханасынмен танысты.

Естеріңізге салакетейік, IFEAC– Францияның Сыртқы істер министрлігіне қарасты, Орталық Азияда тарих, әлеуметтану, этнология,антропология, экономика, география және өзге де әлеуметтік-гуманитарлық салаларда зерттеу жасайтын ірі құрылым. Институт Қазақстан, Қырғызстан,Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстанда қызмет жасап, аталған мемлекеттердің Ресей, Ауғанстан, Иран, Қытай және Моңғолия
елдерімен өзара қарым-қатынасын зертттеумен де айналысады.
Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты