Жаңалықтар

Түркі академиясы Жапониямен ынтымақтастық орнатуда

333

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымына (TWESCO) Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Итиро Кавабата мырза келді.

Құрметті мейманды қарсы алған TWESCO басшысы Дархан Қыдырәлі ұйымның қызметі жөнінде жан-жақты әңгімелеп берді.

Тараптар Жапониямен ынтымақтастықты кеңейтіп, бірлескен жобалар жүргізу мүмкіндіктерін талқылады.

Түркі музейін аралап көрген елші мырза Академияның жұмысына зор қызығушылық танытып, келешекте байланыстарды бекітуге жан-жақты қолдау көрсететінін айтты.


Айта кету керек, осы қазан айының соңында Д.Қыдырәлі бастаған TWESCO делегациясы Халықаралық академиялар одағының 89-шы жалпы ассамблея отырысына қатысу үшін Жапонияға аттанады. Сапар аясында Жапония Ғылым академиясы басшыларымен және басқа бірқатар кездесулер жоспарланып отыр.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Рашид Абдуллович Аганин
Түркітанушы-лингвист, филология ғылымдарының кандидаты.