Жаңалықтар

Түркі жастары «Жайдарман» ойынына қатысты

1297

Тіл фестивалі аясында Астана қаласында Түркі əлемі жастарының қатысуымен халықаралық "Жайдарман" ойыны өтті.

«Қазақстан КВН Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Жайдарманға» қазақ ойыншыларынан бөлек, алғаш рет бауырлас Башқұртстан, Қырғызстан, Татарстаннан келген командалармен бірге өзбек және ұйғыр жастарының құрамалары қатысты.

Бұл ойын көрерменге қуаныш сыйлаған сапалы әзілдерімен ғана емес, бірыңғай қазақ тілінде өткенімен де ерекшеленді. Сонымен бірге, түркі халықтарының әзілі де ортақ екенін көрсетті.

Қызықты ойын нәтижесінде бас жүлде 10 команда арасынан суырылып шыққан қырғызстандық «Позитив» тобына бұйырды. Жүлделі бірінші орынды Татарстан құрамасы жеңіп алса, екінші орынды Башқұртстан құрамасы иеленді. Ал, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Қостанай командалары үшінші орынды бөлісті.

Ойынға қазылық еткен Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі әдемі әзілдерімен көрермен ықыласына бөленіп, жақсы ойын өрнегін көрсеткен ұйғыр жастарының «Lagman.com» командасы мен өзбек жастарының «Яссы» құрамасына Академия атынан 250 мың теңгелік сертификаттарды табыстады.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы