Жаңалықтар

Халықаралық Түркі академиясы даярлаған тарих оқулығы Түркия мектептерінде оқытылады

1702

Түркі Кеңесі Мемлекет Басшылары Саммитінің шешімі бойынша Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) дайындаған «Ортақ түркі тарихы» оқулығын Түркия Ұлттық білім министрлігі орта мектептердің сегізінші сыныптарының оқу бағдарламасына енгізеді. Бұл туралы Түркияның AA (Anadolu Ajansı) ақпарат агенттігі хабарлады.

Anadolu Ajans-тың хабарлауы бойынша, Түркия Ұлттық білім Министрі Исмет Йылмаздың шешімімен алдағы оқу жылында «Ортақ түркі тарихы» орта мектептерде факультативтік сабақ ретінде енгізіледі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) әзірлеген «Ортақ түркі тарихы»  оқулығы бойынша Түркі Кеңесіне мүше елдердің Білім және ғылым министрліктерінің өкілдері мен сарапшылары қатысқан жиында оқулықтың соңғы жобасы мақұлданып, бекітілген болатын.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук