Жаңалықтар

Оқушы қазақ бала көзі көрмейтін жандар үшін SMART-тақия ойлап тапты

829

Қазақстанның батысындағы Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-ші сынып оқушысы Сәттіғали Жолдасов көзі көрмейтін және көзі нашар көретін жандар үшін SMART-тақия жасап шыққан.

Көзі нашар көретін ауылдағы ағасын көрген Сәттіғали ойындағы тақияны жасап шығу үшін бір айға жуық уақытын жұмсапты.

такия-1.jpg

Өнертапқыш баланың айтуынша, Smart-Tақияда қарапайым ұялы телефоннан алынған қозғалыс датчигі бар. Ол дірілдеткіш моторға (вибромотор) сигнал береді. Адам жүрген кезде, бас киімдегі сенсорлар жолдағы кедергілерді қарап отырады. Қандай да бір кедергіні байқағанда SMART-тақия дірілдей бастайды. Содан кейін тақиялы адам тиісті жағына бұрылып, қозғалыс бағытын өзгерте алады. Жоба Арудино микроплатасында жасалды. «Менің осы жобам көзі көрмейтін және нашар көретін адамдарға көмектесе алады деген үміттенемін» , – дейді Сәттіғали Жолдасов.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук