Жаңалықтар

Қазақстанда Бүкіләлемдік 28-ші қысқы Универсиаданың Алауы тұтанды

1522

Бүгін Қазақстанның бас қаласы Астанада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Бүкіләлемдік 28-ші қысқы Универсиаданың Алау эстафетасы тұтанды. Биыл Универсиада ойындары 29 қаңтар – 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өтетіні белгілі.

универсиада-главная.jpg

Танымал спортшылар мен қоғам қайраткерлерінен құралған 60 алаугер 3,5 сағат бойы Астананың орталық көшелерімен жүріп өтті. Универсиада алауы келесі бес күн ішінде республиканың барлық облыс орталықтарында жағылады. Соңында алау Универсиада астанасы Алматы қаласына жеткізіледі. Барлығы эстафетаға 1 мыңға тарта алаугер қатыспақ.

Универсиада-3.jpg

Айта кету керек, 2011 жылғы 29 қарашада Халықаралық студенттік спорт федерациясы Алматыны 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы қабылдайтын қала деп жариялаған болатын. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде ең алғашқы болып қысқы Универсиада өткізеді.

Универсиада-1.jpg

Алматы қаласындағы қысқы Универсиада жарыстарына әлемнің 55-тен астам елінен 2000 спортшы қатысады. Сонымен қатар, «Қанатыңды кең серпі» ұранымен өтетін 28-ші Универсиада қатысушылары спорттың 12 түрі бойынша бақ сынайтын болады.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты