Жаңалықтар

Түркітанушы Семих Тезжан дүние салды

1252

Бүгін көрнекті түркітанушы ғалым, профессор Семих Тезжан 75-ке қараған шағында өмірден озды.

Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі түркология ғылымына елеулі үлес қосып, көптеген шәкірттер тәрбиелеген құрметті ғалымның қазасына ортақтасып, туған-туыс, жақындарына көңіл айтады.

Семих Тезжан 1942 жылы Түркияның Мерсин аймағында дүниеге келген. Анкара университетінің Түрік тілі және әдебиеті бөлімінде білім алған. Негізгі зерттеу тақырыбы – көне түркі жазуы, оның ішінде ескі ұйғыр жазбалары болды. 1964-2008 жылдары Германияда өмір сүрген ғалым түркітану саласында көптеген ғылыми еңбектер жазып қалдырған. 2008 жылы Түркияға қайта оралған профессор өмірінің соңына дейін Билькент университетінде дәріс оқыды.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты