Жаңалықтар

Академияда түркі халықтары мәдениеттерінің диалогы талқыланды

1739

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымында (TWESCO) «Түркі халықтары мәдениеттерінің диалогы» тақырыбында сессия отырысы өтті.

Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне орай ЮНЕСКО және ИСЕСКО қамқорлығымен Астанада өтіп жатқан «Оқу әлеміндегі оқырман ұлт» халықаралық кітапхана сиппозиумы аясында ұйымдастырылған отырысқа Қазақстан және шетел ұлттық кітапханаларының өкілдері, түрколог, әдебиеттанушы ғалымдар, жоғары оқу орындарының ұстаздары мен кітапханашылар қатысты.

Түркі өркениетінің мұрасы мен түркология болашағын тереңірек зерттеу, түркі халықтары арасындағы ғылыми және мәдени байланысты арттыру мақсатында өткен алқалы шараға қатысушылар түрлі тақырыптарда баяндамалар жасады. Атап айтқанда, түркі халықтарының шежіресі, түркология ғылымының қалыптасуы мен дамуы, түркі халықтарының ұлттық әдебиетінің тарихы мен бүгінгі келбеті, түркі тілдерін зерттеу процесіндегі лингвистикалық сананың қалыптасуы секілді біршама сұрақтар бойынша өзара пікір алысты.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук