Жаңалықтар

Астанада түркология мен алтаистика мәселелері талқыланды

1912

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) Астана қаласында «Түркология және алтаистиканың бүгінгі мәселелері» атты дөңгелек үстел өткізді.

Академияның халықаралық статус алғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған келелі жиынға халықаралық ұйым басшылары мен өкілдері, дипломаттар, сонымен қатар алыс және жақын шет елден келген танымал ғалымдар қатысты. Атап айтқанда, Түркия Республикасы президентінің бас кеңесшілері Шенер Ихсан мен Сертчелик Сейит, Түрік тарих қоғамының президенті Тұран Рефик, Түркі кеңесі бас хатшысының орынбасары Өмер Қожаман, Түркі кеңесі Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Әділ Ахметов, Моңғолия Ғылым академиясының бірінші вице-президенті Гэлэгпил Чулуунбаатар және басқа қоғам қайраткерлері мен танымал ғалым-зерттеушілер болды.

D-Stol-1.JPG

Академия басшысы Дархан Қыдырәлінің модераторлығымен өткен кездесуде қатысушылар түркология мен алтаистиканың бүгінгі даму үрдістері мен жаңа бағыттары жөнінде пайымды пікірлерін ортаға салды.

D-Stol-2.JPG

Айта кету керек, аталған дөңгелек үстел Академияның мұрындық болуымен ертең Астанада өтетін «Ұлы дала» ІІ гуманитарлық ғылымдар форумы аясында ұйымдастырылған шаралардың бірі. Форумға Қазақстан мен әлемнің жиырмаға жуық елінен келген жоғары лауазымды тұлғалар, дипломаттар мен көрнекті ғалым-зерттеушілер қатысады.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты