Жаңалықтар

Астанада ТүркПА елдерінде балама қуат көздерін дамыту мәселесі талқыланды

696

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің ұйымдастыруымен Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) Қоршаған орта және табиғи ресурстар жөніндегі комиссиясының үшінші отырысы өтті.

«Экспо-2017» халықаралық көрмесіне орайластырылған алқалы басқосу «ТүркПа-ға мүше мемлекеттердегі балама қуат көздерін дамыту» тақырыбына арналды.

Келелі бас қосуға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан мен Түркияның парламент мүшелері, құзырлы министрліктердің, сондай-ақ Түркі әлемі ынтымақтастығы институттарының өкілдері жиналды. Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) атынан жиынға ұйымның тұрақты хатшысы Асхат Кесікбаев қатысты.


Арнайы комиссия отырыс нәтижесінде күн тәртібінде қаралған мәселелердің оңтайлы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында негізгі кепілдемелерді ұсынатын құжат қабылдады. Ол құжат ТүркПа-ның 7-ші пленарлық отырысында ұсынылатын болады. Комиссияның келесі отырысы Қырғыз Республикасында өтеді. 


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Владимир Михайлович Алпатов
Шығыстанушы, лингвист, филология ғылымдарының докторы