Жаңалықтар

Астанада «Ұлы дала» ІІІ Халықаралық гуманитарлық ғылымдар форумы өтті

354

Бүгін Астанада Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) ұйымдастырған «Ұлы дала» ІІІ Гуманитарлық ғылымдар форумы өтті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына және Астананың 20 жылдығына арналған Форумның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мен ЮНЕСКО, ИСЕСКО, ECO Science Foundation, Түркі кеңесі, ТүркПА сынды халықаралық ұйым басшылары мен өкілдері қатысты. Сонымен бірге дипломаттар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, іргелі зерттеу орталықтарының басшылары, көрнекті ғалым-зерттеушілер қатысқан алқалы жиынды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова құттықтау сөзімен ашты.

Әзербайжан, Германия, Қырғызстан, Қытай, Молдова, Моңғолия, Өзбекстан, Польша, Ресей Федерациясы, Тәжікстан және Түркиядан келген 250-ге жуық ғалым-зерттеушілер мен сарапшылар 6 секциялы жиында мазмұнды баяндамалар жасап, пайымды пікірлерін ортаға салды.

Қазақстанның елордасы - Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Өркениеттер үндестігі және қала мәдениеті», ақиық ақын Мағжан Жұмабайұлының 125, заңғар жазушы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына арналған «Түрк әдеби байланыстары: дәстүр және жаңашылдық», атақты түрколог В.В. Радловтың өмірден өткеніне 100, белгілі ғалым В.Томсеннің түрк жазуының кілтін тапқанына 125 жыл толуына арналған «Түркологияның жаңа мүмкіндіктері», «Ұлы даланың рухани жаңғыруы», «Интеграцияның ғылыми аспектілері: бағыттары және болашағы», «Түрк мемлекеттілік дәстүрінің ерекшеліктері» атты алты секцияда түрк әлеміндегі ғылымды дамыту мәселелері, Еуразия кеңістігіндегі ғылыми интеграция, қала мәдениеті, түркология және түрк әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдық, түрк мемлекеттілік дәстүрінің ерекшеліктері мәселелері талқыланып, сындарлы пікірлер айтылды.

Бұдан бөлек, шара барысында TWESCO соңғы жылдары шығарған кітаптардың көрмесін ұйымдастырды.



Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты