Жаңалықтар

Астанада түркітануға арналған халықаралық конференция басталды

687

Бүгін Астанадағы Назарбаев Университетінде Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің ұйымдастыруымен «Қазақ тілі және түркітанудың өзекті мәселелері: ХХІ ғасырдағы рухани жаңғыру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция басталды. 

Ғылыми жиынның ашылу салтанатын Назарбаев университетінің Университетінің провосты Илесанми Адесида ашып, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Салтанатты рәсімге орай Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлінің арнайы жолдаған құттықтау хатын ұйымның ғылыми қызметкері Тимур Козырев оқып берді. 


Екі күнге жалғасатын конференцияның негізгі мақсаты – қазақ тілі мен түркітанудың ғылыми-теориялық, педагогикалық негіздерін нығайту және тілдік білім берудің үздік тәжірибелерін жинақтау. 

Ғылыми шараға АҚШ, Қазақстан, Мажарстан, Польша мен Түркиядан келген ғалымдар мен ізденушілер қатысуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, олар тіл мен рухани жаңғыру сабақтастығына байланысты өзекті мәселелерді талқылайды.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Рашид Абдуллович Аганин
Түркітанушы-лингвист, филология ғылымдарының кандидаты.