Жаңалықтар

Астанада «Қаралы қаңтар» құрбандарына арналған көрме өтті

1263

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымының қолдауымен (TWESCO) Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Елшілігі 1990 жылы Бакуде болған қайғылы оқиғаға арналған «Қаралы қаңтар» - Тәуелсіздік жолында» атты фото-көрме ұйымдастырды.

Астана қаласында өткен шараға екі елдің мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломаттар, зиялы қауым өкілдері мен журналистер қатысты.


Көрмені ашқан Әзербайжан елшісі Рашад Маммадов 20-шы қаңтарда болған оқиғалар туралы әңгімелеп, көрменің маңызына тоқталды.


Көрмеде тарихқа «қаралы қаңтар» деп енген күнгі қайғылы жағдайлар мен қаза тапқан құрбандардың суреттері ұсынылды.


Айта кету керек, 20-шы қаңтар Әзербайжанда бүкілхалықтық аза тұту күні деп жарияланған. Тоталитаризмнің салдарынан болған қанды оқиғаларға биыл 28 жыл толса да әзербайжан халқы тәуелсіздік үшін күресте шейіт болған туған-туыстары мен жақындарын еске алып, аза тұтады.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы