Жаңалықтар

Әзербайжанда кезектен тыс президент сайлауы өтуде

1309

Әзербайжанда кезектен тыс президент сайлауы өтуде. Сайлау бюллетендерінің сарапталған 65 пайызының көрсеткіші бойынша қазіргі іс басындағы президент Ильхам Әлиев сайлаушылардың 86,09 % дауысын жинаған. Сайлауға 8 кандидат қатысты, олардың алтауын саяси партиялар ұсынса, біреуі өзін өзі ұсынған.

Сайлауға президенттікке кандидат ретінде тіркелген 8 адам қатысуда. Әлеуметтік зерттеулер нәтижесі бойынша іс басындағы президентті сайлаушылардың 84 %-ы қолдап отыр.  Сарапшылар сайлау мерзімінің өзгеруін мамыр айында өтетін Әзербайжан Демократиялық Республикасының құрылғанына 100 жыл толу мерейтойымен байланыстыруда.  Әзербайжандағы президент сайлауының бақылаушылары қатарында Халықаралық Түркі академиясының атынан барған әріптестеріміз Ержан Исақұлов пен Тимур Козырев та бар.

Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы