Жаңалықтар

Түрікменстанда жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындары басталды

1393

Ашхабадта Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедов, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев пен өзге де бірқатар мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының, халықаралық ұйымдар жетекшілері мен құрметті қонақтардың қатысуымен жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындарының ашылу рәсімі өтті.


Ойындар «Денсаулық. Жігер. Достық» ұранымен өтуде. Спорт сайыстарына Азия және Океания елдерінен келген 65 делегацияның 6 мыңнан астам спортшылары мен ресми өкілдері қатысуда. Жарыс бағдарламасына спорттың 21 түрі енгізілген.

2017 ж. Ашхабад ойындарының талисманы – Вепалы, яғни түрікмен тілінен аударғанда «адал» мағынасын беретін алабай күшік. Алабай иттері түрікмен халқының ұлттық құндылықтарының біріне жатады.

Ашхабад ойындары 17 - 27 қыркүйек аралығында өтеді.








Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты