Жаңалықтар

Бакуде Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

1548

Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) президенті Дархан Қыдырәлі Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің Білім және ғылым комиссиясының төрағасы, Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті, академик Иса Габиббейлимен кездесті.

Кездесу барысында Халықаралық Түркі академиясы мен Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Әзербайжанның Түркі әлемі ұлттық ғылым академиялары одағындағы төрағалығы туралы да пікір алмасу болды.

         И. Габиббейли Әзербайжанның төрағалығы кезінде аталған одақтың Түркі әлеміндегі ғылыми ынтымақтастықты одан әрі дамытып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға көбірек мән беретінін жеткізді.

Түркі академиясының басшысы ұйымның қызметі, атқарылған және алдағы кезеңге жоспарланған шаралар туралы ақпаратпен бөлісіп, осы жылдың 30 сәуірінде ЮНЕСКО-ның Париж қаласындағы штаб-пәтерінде өтетін «Рухани жаңғыру және мәдени мұра: қадымнан келешекке түркі тілі» атты халықаралық симпозиумға Әзербайжан тарапынының белсене қатысатынына сенім білдірді.

Сонымен қатар, аталған симпозиум аясында Әзербайжан Халық Республикасының 100 жылдық мерейтойымен қатар аталған республиканың негізін қалаушылардың бірі, көрнекті мемлекет қайраткері А.Топбашының 155 жылдығы атап өтілетін болады.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук