Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Еліне жол ашқан» кітабының тұсаукесері өтті

2622

Қазақ тіліне аударылған аталмыш кітап әзербайжан халқының жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Алирза оглы Алиевке арналады.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, жаңа басылым редакция алқасының жетекшісі Махмұт Қасымбеков, Әзербайжан Президентінің қоғамдық-саяси сұрақтары бойынша көмекшісі Али Гасанов, Әзербайжан Парламентінің депутаты, «Әзербайжан-Қазақстан» парламентаралық достық тобының төрағасы Әділ Әлиев, Әзербайжан Парламентінің депутаты, «Әзербайжан-Қазақстан» парламентаралық достық тобының мүшесі Низами Джафаров, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Әмірхан Рахымжанов, Халықаралық түркі академиясы ұйымының президенті Дархан Қыдырәлі, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов қатысты.

Гейдар Алиев – қазіргі гүлденген, демократиялық Әзербайжан Республикасының негізін қалаушы. «Еліне жол ашқан» кітабының тұсауы Әзербайжан көшбасшысының 95 жылдығына орай кесілмек. Басылымның алғы сөзін Гейдар Алиевпен тамыры терең достықта болған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жазған.

Кітапта ірі саясаткер, әлемдік деңгейдегі қайраткер Гейдар Алиевті жеке таныған мемлекет және үкімет басшыларының, сыртқы істер министрлерінің, Әзербайжан басшылығы мен көптеген шетел көшбасшыларының, әлемге белгілі саясаткерлердің, экономисттер мен бизнес құрылымы жетекшілерінің естеліктері келтірілген. Сонымен қатар, оның беттерінде КОКП ОК Саяси бюросының бұрын құпияда сақталған құжаттары мен суреттері ұсынылған.

Басылым Әзербайжан тарихын ерте заманнан бастап суреттеп, өз халқының біртума ұлы Гейдар Алиевтің саясат алаңына шыққан кезеңіне дейін сипаттайды. Аталмыш кітап табиғатының қалыптасуына отбасы тәрбиесі мен ата-ана даналығы ықпал еткен қайратты, мақсатқа ұмтылған тұлғаның бейнесін ашады.

Туындыдан «қайта құрылыс» дәуіріндегі Гейдар Алиевтің саяси еркі мен азаматтық ұстанымы айқын көрініс тапқан. «Еліне жол ашқан» кітабы тұңғыш мемлекет басшысының феноменін, егемен елдің жаһандық мақсаттары тұрғысынан оның ең елеулі, күрделі мәселелерін шешудегі кемеңгердің таптырмас алғырлығын баяндайды.

Кітап авторларының айтуынша, Гейдар Алирза оглының өмірбаяны Әзербайжан мемлекеттілігінің құрылу тарихы мен әзербайжан халқының тағдырымен тығыз байланысты.

Іс-шара барысында Гейдар Алиев туралы фильмнің көрсетілімі мен Елбасы кітапханасының Музейі бойынша экскурсия өтті.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Владимир Михайлович Алпатов
Шығыстанушы, лингвист, филология ғылымдарының докторы