Жаңалықтар

Бішкек қаласында Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті

60

Жиынға Әзірбайжан мен Қазақстанның Білім және ғылым вице - министрлері, Қырғызстанның Білім және ғылым министрі, сондай-ақ Түркияның Білім министрінің орынбасары және Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) басшысы қатысты. Кеңес барысында академия жетекшісі 2018 жылы атқарылған жұмыстардың есебін беріп, 2019 жылдың жұмыс жоспарымен таныстырды. Сондай – ақ кеңес мүшелері Түркі әлемінің 2019 жылғы атаулы даталарын мақұлдап, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

 

2019 жылғы Түркі әлемінің айтулы даталары:

1/ Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасының жазылғанына 950 жыл

2/ Алтын орда мен Моғолстанның құрылуына ықпал еткен Талас құрылтайының 750 жылдығы

3/ ақын Имамеддин Насимидің 650 жылдығы

4/ түрколог, атақты ғалым Иштван Қоңыр Мандокидің 75 жылдығы.

5/ Түркиядағы Мұстафа Кемаль Ататүрік бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың 100 жылдығы

6/ Түркі әлемінің интеграциясы үшін ерекше маңызы бар Нахичеван келісімінің 10 жылдығы

Анықтама:

Түркі академиясын құру туралы Келісімнің 4-бабына сәйкес Түркі академиясын Ғылыми кеңес басқарады. Академияның атқарушы орган қызметін Президент жүзеге асырады.

         2014 жылғы 28 қарашада Баку қаласында өткен Түркі әлемі Білім министрлерінің ІІІ-отырысында Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің тиісті министрлік басшылары Түркі академиясының Ғылыми кеңесін құру туралы шешім қабылдады. Кеңес құрамына Түркі кеңесі Білім министрлері, Түркі академиясының Президенті мен Вице-президенті кіреді. Халықаралық Түркі академиясының (TWESCO) ғылыми кеңесінің бірінші отырысы 2015 жылы 5 қыркүйек күні Астанада өткен.

 


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы