Жаңалықтар

Қазақстанда Қорқыт ата мұрасына арналған жиын басталды

520

Бүгін Қазақстанның Қызылорда қаласында «Қорқыт Ата мұрасы: эпикалық мәдениет, халық аңыз әңгімелері және әуендері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция болып өтті.

Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі жүргізген ғылыми шара «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атты халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалі аясында ұйымдастырылды.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасынан туындайтын «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын жүзеге асыру  және  түркітілдес елдердің  ұлттық музыкалық өнерін насихаттау, мәдени байланысты нығайтуды мақсат еткен өнер мерекесі Қызылорда облысы әкімдігі мен «ТҮРКСОЙ» ұйымының қолдауымен жүзеге асқан.

Конференцияға АҚШ, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай,  Өзбекстан, Ресей (Башқұртстан,Татарстан) және Түркиядан келген белгілі өнертанушы ғалымдар мен фольклортанушылар қатысты.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың құттықтау сөзімен басталған халықаралық конференцияда түркітілдес елдердің өзара мәдени қарым-қатынасы мен байланысын нығайту, әсіресе, ұлттық өнерді дамытып, сақтаудағы тәжірибелерді зерделеу жөнінде баяндамалар оқылды.  

Ғылыми басқосудан тыс түрлі мәдени іс-шараларды қамтитын «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» фестивалі ертең, мерекелік гала-концертпен қорытындыланады.

 

 


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Рашид Абдуллович Аганин
Түркітанушы-лингвист, филология ғылымдарының кандидаты.