Жаңалықтар

Қазанда Маржанидің құрметіне арналған шаралар басталды

672

Татарстанда көрнекті түркі ғалымы Шағабутдин Маржанидің 200 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар басталды.

Атап айтқанда, Қазан қаласындағы ТР Ұлттық музейінде «Шағабутдин Маржани және оның мұрасы» атты көрме ашылды. Қала тұрғындары арасында зор қызығушылық тудырған көрмеде көрнекті ойшыл-ғалымның қолжазбалары мен кітаптары, өзінің жеке қолданған дүниелері қойылған. Құнды экспонаттардың бірі ретінде Маржанидің 1874 жылы түскен фотосуреті мен 1864-1865 жылдары Ыстамбұлда тау хрусталінен арнайы жасалған жеке мөрі ұсынылып отыр.


Зерттеушілердің айтуынша, ол өзінің жеке қорындағы барлық кітаптар мен құжаттарға сол мөрін басып отырған.


Сондай-ақ, Маржанидің қызметі мен шығармашылығын дәйектейтін Татарстан Мемлекеттік архивіндегі құжаттар да тұңғыш рет көпшілік назарына ұсынылып отыр.

Сонымен қатар, Татарстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ғалымның барлық еңбектері ұсынылған «Татар халқының інжу-маржаны» атты кітап көрмесі ашылды. Көрмеде кітапхана қорындағы қолжазбалар мен басылымдардан тыс, ХХ ғасыр басындағы «Аң», «Шура», «Сөембикә» журналдарында Маржани туралы жазылған мақалалар да бар.


Айта кету керек, Ш.Маржанидің 200 жылдық мерейтойына арналған түрлі шаралар жыл бойы жалғасады деп жоспарланған.

Шағабутдин Маржани (1818-1889) – түркі халықтарына ортақ ойшыл, шығыстанушы, түркітанушы, фәлсафа хакімі, тарихшы және ағартушы. Өзі жазған 30-дас астам еңбегінің тек екеуін – «Бұлғар мен Қазан тарихын жауып тұрған шымылдық», («Ғилалат аз –заман фи тарихи Бұлғар ва Казан» 1870,) пен «Қазан уә Бұлғар тарихы туралы деректер жинағын» («Мұстафад әл-ахбар фи ахвали Қазан уә Бұлғар») ғана татар тілінде жазған. Қалған еңбектері түгелдей араб тілінде.

 


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты