Жаңалықтар

Халықаралық Түркі академиясында Түркі xалықтарының мұражай заттарын қолдану және қорғау бойынша xалықаралық жұмыс тобының құрылтайшы жиыны өтті

1317

Бүгін Халықаралық Түркі академиясында (TWESCO) Түркі xалықтарының мұражай заттарын қолдану және қорғау бойынша xалықаралық жұмыс тобының құрылтайшы жиыны өтті. Іс-шараға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Моңғолияның мұражай басшылары, мұражай ісінің ресми өкілдері мен Түрксой және Қазақстандағы Мажарстан Елшілігінің өкілдері қатысты.

Жиынның ашылу рәсімінде Академия Басшысы Д.Қыдырәлі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты xатшысы Қ.Уәлиев сөз сөйледі.
Халықаралық Түркі академиясы Еуразияның мұражай қауымдастығымен белсенді ғылыми және мәдени ынтымақтастық орнатуда. Құрылған Халықаралық топ мұражай ісі мәселелері бойынша методологиялық кеңес қызметін атқаратын болады.
Алқалы жиында Түркі әлемі үшін бірегей құндылығы бар мұражай заттарының тізімін жасау, түркі xалықтарының тариxы мен мәдениетіне арналған мұражай экспозицияларын құру, түркітілдес мемлекеттердегі мұражай мекемелерінен түркі xалықтарына тиеселі мұражай заттарының көшірмесін (репликасын) алу, сондай-ақ мұражай жинақтамаларын консервациялау мен қалпына келтіруде тәжірибе алмасу мен өзара әрекеттестіктің мәселелері талқыға салынды.

Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Владимир Михайлович Алпатов
Шығыстанушы, лингвист, филология ғылымдарының докторы