Жаңалықтар

Моңғолияда халықаралық дала семинары өтті

726

Моңғолияның Кентай аймағы Дэлгэрхаан сұмынында Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) мен Моңғолия Ұлттық музейінің қолдауымен ұйымдастырған «Кентайдан Ұлытауға дейін: тарихи жадының жаңғыруы» атты ІІІ халықаралық экспедиция аясында халықаралық дала семинары өтті.

Ғылыми шараға Академия басшысы Дархан Қыдырәлі, Моңғолия Ұлттық музей директоры Д.Сүхбаатар бастаған көрнекті тарихшы, археолог және түркітанушы ғалымдар мен екі елдің белді бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Халықаралық эскпедиция мүшелері семинар алдын Шыңғыс ханның туған жері - Бурхан Халдун тауына шықты. 


Экспедициялық топ осы аймақтағы Хаяа Худаг және Гүнбүрд көне түркі ғұрыптық кешендеріне археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, жан-жақты зерттейді деп жоспарланған.

Моңғолия жеріне осымен үшінші рет ұйымдастырылған бұл экспедиция Қазақстан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көтерілген қастерлі жерлер мен тарихи сананы жаңғыртуды мақсат тұтады.


Айта кетерлігі, экспедицияға қатысушылар Моңғолия мен Қазақстандағы көне түркі тарихы үшін маңызды жерлерді жүріп өтеді. Осылайша Бурхан Халдун тауынан басталған экспедиция Ұлытаудағы Алаша хан, Жошы хан кесенесіне дейін жалғасатын болады.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Ахмет Биржан Ержиласун
Шығыстанушы 
Түркітанушы