Жаңалықтар

Татарстанда Түркі әлемінің ағаш жону өнеріне арналған симпозиум өтеді

1142

2017 жылдың 19-20 желтоқсан күндері Татарстан Республикасының Ғылым академиясында «Түркі әлеміндегі ағаш жону өнері: өткені мен бүгіні» тақырыбында халықаралық симпозиум өтеді.

Алқалы шараның ұйымдастырушылары: ТР ҒА Ғ.Ибрагимов атындағы тіл, әдебиет және өнер институты мен Өнертанушылар ассоциациясының татар бөлімі (ТатАИС).

Симпозиум түркі халықтарының материалды және рухани мұрасын насихаттау және дамыту мақсатында Ғ.Ибрагимов атындағы тіл, әдебиет және өнер институты 2008 жылдан бері жүргізіп келе жатқан «Түркі әлемінің өнері» циклдық жобасы шеңберінде өткізіледі.

Халықаралық іс-шара 2 күнге жоспарланған. Бірінші күні ғылыми-практикалық конференция өтсе, екінші күні қатысушылар суретшілер мен еріктілерге арналған шеберлік сабақтарына қатысып, ағаш жонудың заманауи үрдістеріне арналған көрме жұмысымен таныса алады.

Симпозиум жұмысы негізінен ағаш жону өнерінің дәстүрлері мен бүгінгі дамуы, көрме ісінің менеджменті мен PR-технологиялары, музей коллекцияларының анализі және этнотуризм мәселелері бағытында жүреді деп жоспарлануда.

Аталған жиынға қатысу үшін 2017 жылдың 30-шы қыркүйегіне дейін өтініш, сонымен қатар ағылшын және орыс тілдерінде баяндама тезистерін жолдау қажет. Баяндамалар 1-ші қыркүйекке дейін қабылданады.

Өтініш үлгісі мен симпозиум ережелері туралы толығырақ http://www.antat.ru/ru/anons/7352/ сілтемесі арқылы білуге болады.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Ахмет Биржан Ержиласун
Шығыстанушы 
Түркітанушы