Жаңалықтар

Татарстанда халықаралық түркология конференциясы өтеді

6887

Қазан Федералды университеті (ҚФУ) 2018 жылдың 12-14 сәуір аралығында Татарстанда өтетін «Түркі әлемі: түркі халықтарының тілі, әдебиеті, тарихы мен мәдениетіндегі мәселелер» тақырыбындағы IX Халықаралық түркология конференциясына шақырады.

Ресей Федерациясының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған жиын ҚФУ жанындағы Елабұға институтында өтеді.

Конференция жұмысы негізінен 6 бағытта өрбиді деп жоспарланған:

-         Түркі халықтарының әдебеті мен фольклоры;

-         Заманауи түркологияның өзекті мәселелері;

-         Түркі халықтарының топонимдері мен ономастикасы;

-         Лингвомәдениеттану мен аударма ісінің өзекті мәселелері;

-         Түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті;

-         Түркі тілдері мен әдебиетін оқытудағы жаңа үдерістер.

Конференцияның жұмыс тілдері: ағылшын, орыс, татар және түрік.

Ғылыми шараға қатысқысы келетін ғалымдар мен ізденушілер 18-ші наурызға дейін өтінім бере алады.

Түркология конференциясының баяндамалары арнайы жинақ боп жарияланады.

Өтінім тапсыру және қосымша ақпарат алу үшін turkmir.elabuga2018@mail.ru е-поштасына хат жолдауға болады.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Рашид Абдуллович Аганин
Түркітанушы-лингвист, филология ғылымдарының кандидаты.