Жаңалықтар

Түркістанда VII Түркология конгресі өтіп жатыр

681

Түркі дүниесінің 2017 жылғы мәдени астанасы – Түркістан қаласында VII Түркология конгресі басталды. 

Ататүрік атындағы мәдениет, тіл және тарих жоғары құрылымы мен Түрік тілі құрылымы қолдау көрсеткен ғылыми шара Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өтуде. 

Екі жыл сайын Түркістан қаласында тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан конгресс биыл «Жойылу қаупі бар түркі тілдері» тақырыбына арналған. 

Жиынның ашылу салтанатын Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Өкілетті кеңес төрағасы Мұса Йылдыз бен түркі елдерінен келген көрнекті ғалымдар құттықтау сөздерімен ашты. 


Үш күнге жалғасатын шарада жойылып кету қаупі бар тілдер жайлы зерттеулер; сөйлеушісі қалмаған тарихи түркі жазу тілдері; Қытайдағы түркі тілдерінің жағдайы; Кеңес дәуірінен кейінгі түркі тілдерінің жағдайы; түркі тілдерінің араб тілімен байланысы мен түркі тілдерінің жойылып кетуіне қауіп тудыратын негізгі мәселелер көтеріледі деп жоспарланған. 

Конгресске Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркиядан және басқа шет мемлекеттерден келген ғалымдар мен ізденушілер қатысуда. 

Айта кету керек, Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) конгрессте көтерілген өзекті тақырыпқа орай биылғы жылдың көктемінде Қ.А.Ясауи ат. ХҚТУ қолдауымен «Жойылу қаупіндегі түркі тілдері» атты төрттомдық іргелі еңбек жариялап, Анкара мен Астанада таныстырылымын өткізген болатын. 


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Ахмет Биржан Ержиласун
Шығыстанушы 
Түркітанушы