Жаңалықтар

Түркістан шаһарында халықаралық симпозиум басталды

465

Бүгін Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы – Түркістан қаласында «Қашқардан Андалусияға дейінгі түрік-ислам қалалары» сериясы бойынша «Түркістанға мадақ» симпозиумы өз жұмысын бастады.

Алқалы шараның ұйымдастырушылары: Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO), Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ), Түркі әлемінің инженерлер және сәулетшілер одағы (TDMMB), Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы (ТүркПА) мен Түркі әлемінің қала әкімдіктерінің одағы (TDBB).

Симпозиум «Түркі әлемінің тарихи маңызды шаһарлары» және «Тамыры терең тарихымыздан жарқын болашаққа» атты екі панельді отырыста өтеді. Қатысушылар жиында Түркі әлемінің мәдени астаналары, қала құрылысы өнері, рухани сәулетшілері, сондай-ақ түркі мемлекеттердегі бауырлас қалалар тақырыптарында баяндамалар жасайды деп жоспарланған.

Танымал қоғам және өнер қайраткерлері, халықаралық ұйымдардың жетекшілері, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысқан ашылу салтанатында TWESCO басшысы Дархан Қыдырәлінің арнайы құттықтау хатын Академияның тұрақты хатшысы Асхат Кесікбаев оқып берді. Ол сонымен бірге, «Түркі әлемінде тарихи сана» тақырыбында баяндама жасады.


Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өтіп жатқан симпозиум 11-ші қараша күні қорытындыланады.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы