Жаңалықтар

Түрікменстанда президент сайлауы өтеді

1843

Ақпан айының 12-сі күні Түрікменстанда Президент сайлауы өтеді.

Түрікменстан Орталық сайлау комитетінің дерегі бойынша, тіркеуден өтіп, сайлауға қатысатын кандидаттардың жалпы саны 9. Олар елдегі үш саяси партия (Түрікменстанның Демократиялық партиясы, Өндірісшілер мен кәсіпкерлер партиясы және Аграрлық партия) өкілдері, сондай-ақ бастамашыл топтар ұсынған кандидаттар.

Атап айтқанда: қазіргі мемлекет басшысы, Түрікменстанның Демократиялық партиясынан ұсынылған Гурбангулы Бердымухамедов, Өндірісшілер мен кәсіпкерлер партиясынан Меджлис депутаты Бекмырат Аталыев, Аграрлық партиядан Дурдыгылыч Оразов, Тамақ өнеркәсібі мемлекеттік ұйымы төрағасының орынбасары Мақсат Аннанепесов, Мары уәлаятының хакім орынбасары Джуманазар Аннаев, Сейди мұнай өңдеу зауытының директоры, Меджлис депутаты Рамазан Дурдыев, Дашогуз уәлаятының хакім орынбасары Меретдурды Гурбанов, Ахал уәлаятының экономика және даму бас басқармасының басшысы Сердар Джелилов пен «Гарабогазсульфат» өндірістік кәсіпорнының бас директоры Сулейманнепес Нурнепесов.

Айта кету керек, Түрікменстанда соңғы президент сайлауы 2012 жылы өткен болатын. Алдағы сайлау 2016 жылдың 12-ші қыркүйегі күні қабылданған жаңа конституцияға сәйкес өтеді. Яғни, жаңа заңнама бойынша ел басқарушы президенттің 70 жас шектеуі алып тасталды және мемлекет басшының өкілеттік мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін ұзартылды.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Александр Васильевич Адрианов
Түрколог-жаратылыстанушы, тарихшы-археолог,физика-математика ғылымдарының кандидаты