Жаңалықтар

Түркияда Мағжан ақынды еске алды

1773

Түркия астанасы Анкара қаласында Алаштың ақиық ақыны Мағжан Жұмабайдың 125 жасқа толуына орай халықаралық конференция өтті. 

Жиынға Түркия Республикасы Президентінің Бас кеңесшісі Ялчын Топчу, Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркия Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Хүсейн Яйман, Кечиөрен муниципалитетінің мэрі Мұстафа Ак, Ахмет Ясауи университетінің Өкілетті кеңес төрағасы Мұса Йылдыз, Гази университетінің ректоры Ибрахим Услан, Түркият институтының директоры Хулия Касапоғлу Ченгел, сонымен қатар екі елдің белгілі әдебиеттанушы-ғалымдары қатысты. 

Халықаралық жиынға қатысқан әдебиеттанушы-ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері ақын Мағжан Жұмабайдың ғылыми мұрасы, жаңашылдығы мен шығармашылық эволюциясы, поэзиясы мен бірқатар өлеңдерінің тарихы, қайраткерлігі мен қаламгерлігі туралы баяндама жасады. 

Сонымен қатар, алқалы шара аясында Қазақстаннан келген қонақтар мен түрік зиялылары Анкараның Кечиөрен муниципалитетіндегі Мағжан Жұмабайдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ақын рухына тағзым етті.



Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук