Жаңалықтар

Түркі академиясы Наурыз мерекесін атап өтті

1287

Бүгін Халықаралық Түркі Академиясында (TWESCO) түркі халықтарының ең көне мерекелерінің бірі, ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, ата-баба дәстүрлеріміз дәріптелетін ұлық мереке – Наурыз тойланды. Мерекелік шараға Әзербайжан және Мажарстанның Астанадағы елшілері мен дипломаттар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, Қазақстанның жетекші қоғам қайраткерлері, ғалымдар, Сыртқы істер министрлігі мен түркі халықтарының өкілдері қатысты.


Қатысушыларды қастерлі күн - Наурыз мерекесімен құттықтаған Халықаралық Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі өз сөзінде Наурыздың тарихи маңызына тоқталып, жаңару мен жаңғырудың, ізгілік пен мейірімділіктің рәмізіне айналған Наурыз мерекесінің күллі түркі әлемінің ұлттық мейрамы екенін атап көрсетті.


Түрлі тарихи деректерде түркілердің Ергенеқоннан шығуы Наурыз мейрамымен байланыстырылады. Сондықтан, Наурыздың түркі мәдениетіндегі басқа атауы – Ергенеқон. «Ергенеқон» мерекесі тек қана өніп өсудің ғана емес, сонымен қатар бірлік, еркіндік, бейбітшілік, молшылық пен береке күні. Наурыз барлық түркітілдес мемлекеттерде және оларға көршілес елдерде Көктем мерекесі, Ергенеқон, Жылғаяқ, Йени гүн, Жылсырты, Тезе йыл деп атап өтіледі.

Академия ұйымдастырған Наурыз тойында алғаш рет Ергенеқоннан шығудың рәмізі - «темір ұру» рәсімі өтті. Академия басшысы мен елшілер балғамен темір ұрып, жаңа жыл мен жаңа бастауларды сүйіншіледі.


Салтанатты рәсімге қатысқан елшілер өз елдеріндегі Наурыз той туралы баяндап, мерекелік құттықтау айтты.

Шара барысында Наурыз тойланатын түркі республикаларының дәстүрлі ұлттық тағамдары қойылған дастарған жайылып, аталған елдердің әдет-ғұрыптарын көрсететін материалдық мәдениет үлгілері ұсынылды.  

Мерекелік жиында Академия тарапынан Алтай тауларында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған ежелгі түркілер дәуіріне жататын көне қобыздың сүйемелдеуімен Қорқыт атаның әуендері орындалып, қатысушыларға шынайы мерекелік көңіл-күй сыйлады.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Рашид Абдуллович Аганин
Түркітанушы-лингвист, филология ғылымдарының кандидаты.