Жаңалықтар

Өзбекстанда жаңа ғылыми дәрежелер енгізілетін болды

765

Өзбекстан президентінің жарлығымен 2017 жылдың 1-ші шілдесінен бастап Өзбекстанда жаңа ғылыми дәрежелер енгізілетін болды. 

2017 жылдың 16-шы ақпанында қол қойылған жарлыққа сәйкес, енді жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу жүйесі екі деңгейлі болмақ:

- негізгі докторантура – ғылымның тиісті саласында диссертация қорғау және философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін;

- докторантура – ғылымның тиісті саласында диссертация қорғау және ғылым докторы (Doctor of Science) дәрежесін алу үшін. 

Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі магистр дәрежесі немесе жоғарғы білімі (мамандық бағдарлармалары бойынша) бар, сондай-ақ клиникалық ординатураны (медициналық ғылымдар үшін) бітірген және философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғаған тұлғаларға ғылыми дәреже беру жөніндегі ғылыми кеңестер тарапынан берілетін болды. 

Ал, ғылым докторы (Doctor of Science) атану үшін шет мемлекетте берілген ғылым кандидаты немесе философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі, болмаса соларға теңестірілген ғылыми дәрежесі болуы тиіс. 

Айта кету керек, енді Өзбекстанда негізгі докторантураға магистр дәрежесі немесе жоғарғы білімі (мамандық бағдарламалары бойынша) бар, клиникалық ординатура (медициналық ғылымдар үшін) бітірген ізденушілер қабылданады.

Ал, докторантураға түсу үшін шетелде берілген ғылым кандидаты немесе философия докторы (PhD) дәрежесі, болмаса соларға теңестірілген өзге ғылыми дәреже керек. 

*Жарлықтың толық мәтінімен (PDF) мұнда танысуға болады.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы