Жаңалықтар

Мажар ғалымдары Академия қызметімен танысты

288

Бүгін Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі Мажарстаннан келген танымал түркітанушы-ғалымдар Давид Шомбаи Қара, Иштван Шанта мен Қазақстандағы мажар елшілігінің консулы Шандор Дорогиды қарсы алды.

Академия басшысы шетелдік меймандарды ұйымның қызметімен таныстырды. Сонымен бірге, кездесуде TWESCO мен Мажарстанның ірі ғылыми ордалары және ғалымдары арасындағы ынтымақтастық мәселесі де сөз болды.

Достық шырайда өткен жүздесуден кейін меймандар Түркі кітапханасы мен Түркі музейін аралап көрді. Д. Қыдырәлі кездесу соңында мажар ғалымдарына TWESCO әзірлеген құнды ғылыми еңбектерді тарту етті.


Айта кету керек, TWESCO 5-ші қараша күні Астанада Мажарстан елшілішімен бірлесіп танымал шығыстанушы ғалым Алмашиды еске алу шараларын өткізеді.


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Саул Менделевич Абрамзон
учёный-этнограф, тюрколог, кандидат исторических наук