Жаңалықтар

Венгрия Халықаралық Түркі академиясына бақылаушы мәртебесін алды

1254

БҰҰ Бас ассамблеясының 72-ші сессиясы шеңберінде өткен Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне (ТМЫК, Түркі кеңесі) мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуінде Венгрияның Түркі академиясы халықаралық ұйымына (TWESCO) бақылаушы мәртебесін алу туралы өтінімі бірауыздан мақұлданды.

Қазақстан Республикасының СІМ таратқан хабарға сәйкес, кездесуде негізінен Түркі кеңесінің бүгінгі қызметі мен келешегіне қатысты мәселелер қарастырылған.

2015 жылдың 11-ші қыркүйегінде Астанада өткен ТМЫК Саммитінде қабылданған шешімдердің орындалу барысы мен Қырғызстанда өтуі тиіс келесі Саммитке дайындық шаралары да күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі болды.

Министрлер сондай-ақ, Түркі Кеңесі мен БҰҰ және оның арнайы ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту шараларын талқылады.

Бұдан бөлек, алқалы жиында Түркі кеңесінің қазіргі Бас хатшысы Рамиль Гасановтың қызмет өкілетінің мерзімі аяқталуына байланысты келесі Бас хатшы Қазақстан тарапынан сайланатыны белгілі болды. Қатысушылар жаңа басшының қашан және қай мерзімге тағайындалатыны қосымша хабарланатынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік,  2017 жылдың мамыр айында Академияға арнайы келген Венгрияның Сыртқы сауда және Сыртқы істер министрі Петер Сийярто мырза Мажарстанның Халықаралық Түркі академиясына толық құқылы бақылаушы мәртебесін алу үшін ресми өтінім берген болатын. 


Ай:
Жыл:

Тізімге қайта оралу

Оқырмандарға

Биография /

Барлығы
Рашид Абдуллович Аганин
Түркітанушы-лингвист, филология ғылымдарының кандидаты.